Қоғам • 07 Қаңтар, 2021

Мәулен Әшімбаев Рождество мерекесімен құттықтады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барша православтық христиандарды Рождество мерекесімен құттықтаймын, деп жазды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің facebook-тегі парақшасында.

Мәулен Әшімбаев Рождество мерекесімен құттықтады

Рождество жақсылықтың, мейірімділіктің, өзара көмек пен адамгершіліктің салтанатын білдіретін рухани дәстүрлердің бастауы. Әрбір адамның діни сезімін құрметтеу -  мемлекетіміздің басты қағидаларының бірі. Қазақстанда Рождество Құрбан айтпен қатар негізгі мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі, - деді ол. 

Сондай-ақ егемендік алғаннан бері елімізде этносаралық келісім мен өзара диалогты нығайтуға баса назар аударылып келе жатқанына тоқталды.

Мемлекет басшысы өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында біз үш онжылдық ішінде алуандықты өзіміздің бәсекелестік артықшылығымызға айналдыра алғанымызды және этносаралық келісімді одан әрі сақтау тек мемлекеттік органдар үшін ғана емес, бүкіл қоғам, әрбір азамат үшін міндет болып табылатынын атап өтті. Бұл бағытта алдағы кезеңде бейбітшілікті, келісімді нығайтуға және біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасын дамытуға православ қауымы белсенді ықпал ететініне сенімдімін. Барлық православтарға зор денсаулық, амандық және игі істер мен бастамаларда табыс тілеймін, - деді М. Әшімбаев.