Коронавирус • 24 Қараша, 2020

Елімізде 11 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 11218 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 11 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр.  7 929 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 211 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.