
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев депутаттарға тиісті құжатты таныстырды.
Жаңа кодекс қоршаған ортаның ахуалын жақсартуға бағытталған. Құжаттағы маңызды нормалардың бірі – "ластаушы төлейді" принципі. Сонымен бірге ол өндіріске ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсаратынын атап өтті.
Заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердің есебінен 100% пайыз көлемінде табиғатты қорғау іс-шараларына қаржы бөлуге міндетті екендігі көрсетілген.
Заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген.