Аймақтар • 05 Қазан, 2020

Атырауда жасырын казино анықталды

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикалық тергеу департаменті "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағының көмегімен жасырын жұмыс істеген казиноны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жасырын казино анықталды

Казино "Бомонд" кафесінің VIP залында орналасқан. ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, казино қызметін ұйымдастырушылар карантиндік шектеу режимін бұзып, заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырып келген.

"Тексеру кезінде арнайы кенеп, ойын карталары, "Техас Холдем" покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер табылып, тәркіленді. Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі "Каспий Голд" карталарына ақша аудару арқылы сатып алынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы, 1-бөлімі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.