
Медициналық құрылғыны емдеу мекемесіне тапсыру рәсіміне аудан әкімі Т.Дайыров та қатысты. Әкім аудан халқы атынан меценантқа алғыс білдіріп, короновирус пен пневмонияға қарсы күреске үлес қосып жүрген жергілікті кәсіпкерлердің еңбегін жоғары бағалады.
жәрдем көлігінде де пайдалануға болады. Әрі өкпеге ауа жіберудің түрлі режімінде жұмыс істей береді. Аппараттың басқару тетігі орыс тілінде, заманауи талапқа сай, - деп сипаттама берді құны қомақты құрылғыға аудандық дәріхананың бас дәрігері Әміржан Бақытжанов.
Сондай-ақ, Ахмет Садықовтың игі бастамасын іліп әкеткен екі шаруа қожалығының басшысы бірігіп, аудандық ауруханаға жалпы құны 3 млн теңге тұратын гематологиялық талдау құрылғысын алып берген.