30 наурыз бен 4 сәуір аралығында қалада 4453 көліктің пайдаланылған газында улы заттар мен түтін бар-жоғы тексерілді. Оның ішінде 4 404 көлік бензин қозғалтқышымен, ал 49 көлік дизель қозғалтқышымен жүрген.
Мониторинг нәтижесінде тексерілген көліктердің шамамен 16%-ы, яғни 715 көлікте заңбұзушылық анықталды. оның 693-і көміртек тотығы (CO) бойынша, 22-сі түтін деңгейі бойынша шекті мөлшерден асып кеткен.
«Таза Қазақстан»: Астанада 483 жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды