Ағымдағы жылғы 5 тамызда өткен тәулікте республика бойынша 7 табиғи өрт және 11 дала жануы оқиғасы тіркелді.
Қостанай облысындағы 5 табиғи өрт және Алматы облысындағы 2 жану ТЖК бақылауында, оларды жою бойынша шаралар қабылдануда.
Бұдан басқа өткен тәулікте Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы табиғи өрттер және құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде жанудың жалпы ауданы 400 га.
Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.