Спорт • 06 Маусым, 2020

Қазақстандық 9 федерация ҰОК тану туралы сертификатына ие болды

593 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

5 маусым күні Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен қазақстандық федерациялар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің тану туралы сертификаттарын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық 9 федерация ҰОК тану туралы сертификатына ие болды

Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков Нұр-Сұлтанда Қазақстан гольф федерациясы, Қазақстан Республикасының этноспорт қауымдастығы (соның ішінде теңге ілу спорты бойынша) мен Қазақстан текбол федерациясынына тану туралы арнайы сертикатты табыстады. Тағы да 5 федерация Қазақстан ҰОК Алматыдағы филиалынан ресми құжатты алады. Атап айтқанда, «Kazakhstan Fullcontact Karate Organization», Қазақстан Республикасының пауэрлифтинг федерациясы, Мейбукан Годзю-рю карате-до федерациясы, Желкен спорты федерациясы, Қазақстан спорттық балық аулау федерациясы және «Qazaq Cybersport Federation».

«Спорт федерацияларын тану туралы сертификат - Қазақстанда спортты дамыту үшін спорттық іс-әрекеттің заңдылығын растайтын негізгі құжат. Қауіпсіздік мақсатында осындай маңызды әрі салтанатты шараны жабық форматта өткізуге тура келді», деп атап өтті бас хатшы.

«Көптеген қызметкерлеріміз қашықтан жұмыс істегеніне қарамастан ҰОК қалыпты жұмыс режимінде жұмысын жалғастыруда. Бұл біздің федерациялар мен ұлттық құрама командаларын қамтамасыз ету үшін қажет. Осы аптаның басында төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін спортшылар жаттығуларына оралды. Бірақ бұған дейін ҰОК жедел штабы федерациялармен бірге бірнеше апта бойы дайындық жұмыстарын жүргізді. Еліміздің бас санитарлық дәрігері бекіткен спорттық нысандарға қойылатын талаптардан басқа, ҰОК КВИ инфекциясын жұқтыру қаупін азайту мақсатында қосымша ережелер әзірледі. Оқу-жаттығу жиындары ҰОК тарапынан тіркелген спорттық базаларда барлық сақтық шараларын қатаң сақтанумен санитарлық-дезинфекциялық режимде өтіп жатқанын ескерте кеткен жөн», - деді А.Крюков.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің федерацияны тану туралы сертификаты - Қазақстанда аталған спорт түрін дамыту бойынша федерация нақты, шынайы және ұзақ мерзімді жұмыс атқарып жатқандығын растайтын құжат. Федерацияда Ұлттық Олимпиадалық комитетімен танылуы “Дене шынықтыру және спорт туралы” Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінде салалық аккредитациялаудан өту процедурасының бір шарты болып табылады. Және федерацияға спорт түрін Қазақстан Республикасы аумағында дамыту құзыреттілігі беріледі.

Осыған дейін ҚР ҰОК тарапынан тану сертификаты олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 75 ұлттық спорттық федерацияға табыс етілген. Тану сертификатына ие болған спорттық федерациялардың толық тізімімен Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтынан танысуға болады.