Үкімет • 04 Маусым, 2020

Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті

Экономиканы дамыту бойынша одан арғы шаралар болжамы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Т. Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП президиумінің төрағасы Т. Құлыбаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, өңірлер мен салалық қауымдастықтардың басшылары баяндады.   

Премьер-Министр Мемлекеттік комиссияның басты міндеті Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының жобасын жаңа редакциясында әзірлеу екенін атап айтты, ол  ҚР Президентінің қарауына биыл 1 тамызға дейін ұсынылады. 

Құжатта орташа мерзімді кезеңге арналған еліміздің жаңа экономикалық бағытының бағдарлары айқындалатын болады, оның ішінде сыртқы экономикалық конъюнктурадағы өзгерістерді ескерумен экономикада институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуге қатысты түбегейлі жаңа тәсілдер қамтылады.

«Стратегиялық құжат ағымдағы және әлеуетті экономикалық сын-тегеуріндерге жауабымыз болады. Бізге еліміздің бәсекелі артықшылықтарын барынша пайдаланумен Қазақстан экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша шараларды әзірлеп, қабылдау қажет», —  деді А. Мамин.

Үкімет басшысы мемлекеттік қолдауды отандық өндірістің әлеуетін көтеруге бағыттау арқылы экономиканың дербестігін арттыру бойынша түбегейлі шараларды қабылаудың, толыққанды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және ҚР-ның әлемдік азық-түлік хабы ретінде қалыптасуының, экспорттық әлеуетті белсенді түрде арттырудың және құнды қалыптастырудың жаһандық тізбегіне кірігудің, сапалы инвестицияларды таргеттеп тартудың, шағын және орта бизнесті дамытудың, сондай-ақ тіршілік әрекетінің барлық салаларын цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025