
Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасынан келген азаматтарды тексеру нәтижесінде Шымкент қаласының 1997 жылғы тұрғынының коронавирусты жұқтырғаны анықталды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.
Олармен жақын байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
26.05.2020 ж. мәліметке сәйкес Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны — 337, оның ішінде 187 науқас жазылып шыққан.