07 Сәуір, 2010

КYЙ КЕШІ

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президенттік мәдениет орта­лығының концерт залында күйші-композитор Секен Тұрысбектің же­­текшілігіндегі “Ақ жауын” ка­ме­­ралық оркестрінің шығар­ма­шылық концерті өтті. Кеш барысында орындалған С.Тұрысбектің “Көңіл толқыны” , “Балауса”, “Мәлгәждар”, “Күл­тегін”, “Дарабоз” сияқты күйлері, ақын Н.Айтұлының өлеңдеріне жазылған әндері тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартып, нәзік сезімге бөледі. Концерт соңында Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед оркестр ұжымына гүл шоқтарын тапсырып, өз ықыласын білдірді: “Бір шы­ғармамен тарихта аты қалған авторлар бар. С.Тұрысбектің бір ғана “Көңіл толқыны” күйінің қазақ күй өнерінде ерекше орны бар. “Ақ жауын” оркестрі “Құр­манғазы”, “Отырар сазы” оркес­трлері сияқты ұжымы үлкен бол­мағанымен, қазақтың күй өнерін насихаттауда табысты еңбек етіп келеді. Бұрнағы жылдары Бейжің қаласында, Моңғолиядағы қан­дастарымыздың ортасында ұлттық өнеріміздің жоғары деңгейін көрсетіп, тыңдарманын тәнті етіп қайты. Осы кеште сезімді тербеткен тамаша күйлердің біразы “Қазақтың 100 күйі” кітабынан орын алары сөзсіз.” – деді. Адамның жан дүниесін күймен әлдилеген С. Тұрысбектің өнеріне: Тәңірдің сыйлығындай сендегі өнер, Қызығын фәнидегі пенде көрер. Шанақта шалқар теңіз үйіріліп, Ұшында саусағыңның дөң­геленер, – деп Н.Айтұлы сүй­сін­гендей, оған өнердің биік асуларын бағындыруда ақ жол тілейміз. “Егемен-ақпарат”. АСТАНА.