Қоғам • 15 Мамыр, 2020

73% қазақстандық отбасын өмірдің мәні ретінде көреді - Әлеуметтік зерттеу

940 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні. Осыған байланысты Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру»  отбасы институтын зерттеу орталығы қазақстандық көп балалы отбасылардың жағдайын және дамуын зерттеу нәтижелерін жария етті.

73% қазақстандық отбасын өмірдің мәні ретінде көреді - Әлеуметтік зерттеу

«Сіз үшін отбасы нені білдіреді?» деген сұраққа, сұралған қазақстандықтардың жалпы санының 73,1%-ы отбасын өмірдің мәні ретінде санайтынын айтқан. Сондай-ақ танымал жауаптар: 39% – «әулеттің ертеңі», 29% – «бақыт пен махаббат», 16,9% – «жауапкершілік пен міндеттемелер», 7,9% – «қоғамның негізі» және 1,6% – «жалғыздықтан құтқару» деп жауап берді.

Әйелдердің 75,1%-ы және ерлердің 51,3%-ы отбасын әулеттің ертеңі деп санайды екен.

«Ата-аналардың 69,3%-ы «олар көп балалы болғысы келді ме?» деген сұраққа, «Иә, мен әрқашан көп балалы болғым келді» деп жауап берді. Сұралған мыңдаған респонденттердің 65,2%-ы төрт баланы тәрбиелеуде, 34,8% – бес және одан да көп баланы тәрбиелеуде», - деп атап өтті отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Жұлдыз Батталова.

Отбасылық жұптардың көпшілігі (78,9%) өздерінің отбасылық қарым-қатынастарын «өте жақсы, біз бір-бірімізді сүйеміз және құрметтейміз» деп бағалапты.

Зерттеуде көп адам отбасылық қатынастарды нығайтатын маңызды сапа махаббаттан гөрі құрмет деп көрсеткен. Сұралғандардың 68,2% осылай санайды. Сондай-ақ, респонденттер арасында 90,2%-ы өміріне  риза екендігін атап өткен, бұл ретте, ажырасқан адамдардың арасында өміріне ризалығын 73,9%-ы айтқан.

«70,4%-ы балаларды тәрбиелеуде күш қолдануға теріс қарайды, бұл орынды емес және дұрыс емес деп санайды. Қазақстандық ата-аналар өзара түсіністік, құрмет, махаббатты жоғары бағалаған», - деді Жұлдыз Батталова.

Айта кету керек, бұл зерттеу Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша осы мәселеге мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар үшін ұсыныстар әзірленетін болады.

ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» Отбасы институтын зерттеу орталығы әлеуметтік институт ретінде отандық және халықаралық тәжірибені зерделеу, отбасының проблемалық аспектілерін шешу бойынша ұсыныстарды зерттеумен, талдаумен, әзірлеумен және Қазақстандық отбасылық саясаттың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау үшін статистикалық және әлеуметтік деректер базасын құрумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025