Елорда • 14 Мамыр, 2020

Елордада 230 млн шаршы метрден астам аумақ масаға қарсы өңдеуден өтті

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда маса, шыбын-шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекция жалғасуда. Биыл дезинсекцияның қамту аумағы ұлғайды. Мысалы, масадан аумақты өңдеу жоспары 20%-ға және су қоймаларын өңдеу 25%-ға ұлғайды. Масаға қарсы 230 миллион шаршы метрден астам аумақ өңделді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Елордада 230 млн шаршы метрден астам аумақ масаға қарсы өңдеуден өтті

«Жұмысқа энтомолог-мамандар мен дезинсекторлар жұмылдырылған. Күн сайын 150-ден астам дезинсектор мен ондаған арнайы машиналар дезинсекциямен айналысады. Жұмыстар роторлы бүріккіштермен де, машиналармен де жүргізіледі. Дезинсекция екі ауысымда жүреді», – деді қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Рысалиев.

Жұмыстар үнемі масалардың көбею орындары мен елорда маңындағы қорғаныс бөгеті аймағында, барлық су қоймаларында жүргізілді.

Қазір қаланың ішкі кварталдық аумақтарын және жалпы қолданыстағы аумақтарды (көшелер, саябақтар, скверлер) өңдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ масамен тиімді күресудің маңызды аспектісі – мектеп, балабақша, денсаулық сақтау нысандары, сауда үйлері және т.б. аумақтарды өңдеу.


1

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025