06 Сәуір, 2010

ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

611 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Құдайберген Жұбанов атын­дағы Ақтөбе мемлекеттік уни­верситетінде көптеген маман­дық­тар бойынша мамандар даяр­ланып шығуда. Жыл өткен сайын жаңа мамандықтарға оқы­татын факультеттер ашылып, сту­денттер саны артуына бай­ланысты университет басшы­лы­ғы оқу орнының материалдық-техникалық базасын кеңейтуді ұдайы назарда ұстап келеді. Жақында осы оқу орны тағы бір оқу корпусымен толықты. Оқу орнының жаңа ныса­нын­да енді физика-математика және жаратылыстану факуль­тет­терінің студенттері білім алатын болды. Жаңа ғимараттың тұсау­ке­серіне қатысқан Ақтөбе қала­сының әкімі Архимед Мұхам­бетов осы жоғары оқу орнының студенттерге сапалы білім беру мүмкіндігі мол екенін айтып өтті. Ал университет ректоры Кен­жеғали Кенжебаев өз кезе­гінде техникалық көмегі үшін қалалық әкімдікке ризашы­лы­ғын білдірді. Жаңа оқу корпусында 25 аудитория, интернет желісіне қосылған 6 сынып интерактивті тақтамен жабдықталған әрқай­сы­сы 120 орындық екі зал бар. Бұл құрылысқа университет 200 миллион теңгеден астам өз қаржысын жұмсады Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы. ...ЕКІ БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ Қарағандыдағы №59 және №83 мектептер жанынан құ­рыл­ған балабақшаларға 3-5 жас ара­лығындағы 100 жеткіншек қа­был­данды. Екі тілде жүргізілетін танымдық сабақтарда олар таң­ер­теңнен кешке дейін тәрбиеші пе­дагогтар қамқорлығында бо­лып, әріп таниды, би, ән үй­ренеді. Қазір 6 жасқа дейінгі бүлдір­шін­дердің қала бойынша бала­бақ­шаларға қамтылуы 69 пайыз­ды құрайды. 6 мыңнан астам ата-ана кезекте тұр. Алдағы бір-екі жылда балаларды тәрбиеге алу орындарына беруді толықтай қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Сәуір, мамыр айларында қаладағы Майқұдық, Ескі әуе­жай бөліктеріндегі және Сұрып­тау стансасындағы №40, №46, №91 мектептері жанынан өскін­дерге арналған шағын орта­лық­тар ашылады. Айқын НЕСІПБАЙ. ҚАРАҒАНДЫ. ...ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ Еліміздегі сот жүйесін ре­фор­малау қадамдары халықтың мүддесін қорғауға бағытталған. Мұнда ешқандай да алалау мен адақтауға, бұрмалау мен бүр­ке­ме­леуге жол берілмейді. Яғни, адам тағдырын шешудегі адал­дық, ашықтық, биік жауап­кер­шілік қатаң сұралады. Осы мақсатта облыстық сот жаңа бастама көтеріп, Ақмола те­ледидарынан “Әділ сот пайы­мы” және “Логика правосудия” бағдарламаларын эфирге шы­ғар­ды. Ол аптасына төрт рет қай­таланып шығып тұрады. – Жаңа жобада судьяның үкім не шешім шығарардағы іс-әрекеті, сүйенетін дәйектері мен заңнама нормалары туралы то­лық ақпарат және түсінік бе­рі­ле­ді, – деді Ақмола облыстық со­тының төрағасы Ақжан Еш­тай. Бұл, біріншіден, жұртшы­лықты сот төрелігінің қалай жүзеге асатынынан хабардар етсе, екіншіден, жауапкершілікті күшейту арқылы өзара сенім мен құрметті қалыптастырады. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.