Елбасы • 12 Мамыр, 2020

Өзбекстан Президенті Елбасының атына құттықтау жеделхатын жолдады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге орай Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтен құттықтау жеделхаты келіп түсті. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Өзбекстан Президенті Елбасының атына құттықтау жеделхатын жолдады

«Бұл қастерлі күн – бүкіл адамзат баласын фашизмнен құтқару үшін майдан даласында батыл шайқасқан және тылда қажырлы еңбек еткен ардақты әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерлігін ұлықтайтын мереке.

Қымбатты ардагерлерге деген шексіз құрметімізді білдіре отырып, біз әрдайым сұрапыл соғыс кезіндегі өшпес ерлікті, батылдықты, елге деген адалдықты дәріптеп, оларды есімізде мәңгі сақтаймыз.

Жылдар өткен сайын Ұлы Жеңістің мән-маңызы айқындала түсуде және бүгінгі таңдағы біздің елдеріміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін аға буынға деген ризашылық сезім артып келеді», - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше