Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Киік санын əуеден көктемгі санау кейінге қалдырылды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Киік санын əуеден көктемгі санау кейінге қалдырылды

«Өткен жылы сайын даламызда 335 мың киік есепке алынды. Өкінішке орай, биыл киік санын əуеден көктемгі санау төтенше жағдай режіміне байланысты кейінге шегерілді. Бұл жұмыс күзде жалғасады», деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ министр инспекторлардың киік төлін өргізетін жерлерді қорғауға кіріскенін атап өтті.
 
«Қазірде инспекторлар киік төлін өргізетін жерлерді айрықша қорғауға кіріскен. Күш құрылымдармен бірге браконьерлікті болдырмау мақсатындағы «Киік» кең ауқымды акциясы іске асырылуда. Мамандар да ақбөкендердің хал-ахуалын жіті қадағалап отыр. Табиғат өз перзентіне мейірімін төгіп, маң даладағы киік саны көбейе түседі деп үміттенемін», деді министр.
 
Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше