Үкімет • 11 Мамыр, 2020

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында 130-дан аса қызмет түріне қолдау көрсетіледі

133 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында 130-дан аса қызмет түріне қолдау көрсетіледі

Министрдің айтуынша, елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

«Биыл қаржыландыру ұлғайды, қосымша 400 млрд теңге бөлінеді, қаражат АӨК саласында өндіруге және қайта өңдеуге, өңдеу өнеркәсібіне, көрсетілетін қызметтерге бағытталады. Бәріне, өндіріске ұсынылған 133-тен аса қызмет түріне, азық-түлік өнімдерінен бастап дәрі-дәрмектер мен жабдықтарға дейін 300-ден аса тұтынылатын тауарларға қолдау көрсетіледі», — деді Р. Дәленов.

Сонымен қоса, несиелер 10 жыл мерзімге беріледі, сомасы жағынан шектеу жоқ. Сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайды, ол мемлекет тарапынан субсидияланады.

«Егер кепілдер бойынша мәселелер болса, егер кепіл жеткілікті болмаса, онда мемлекеттік кепілдендіруді алу қарастырылған», — деді министр. 

Жалпы, шағын және орта бизнесті қосымша қаржыландырудың жалпы көлемі биыл 1 трлн теңгені құрады.

«Оның ішінде 600 млрд теңгесі Ұлттық банк желісі бойынша - бұл айналым қаражатын толықтыруды жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы, оның мөлшерлемесі мұнда 8% құрайды, сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 400 млрд теңге, мұнда мөлшерлемесі 6% құрайды, себебі оны мемлекет субсидиялайды», — деді ол. 

Сонымен қатар қосымша қаржыландыру «Бизнестің жол картасы 2025» аясында субсидиялау үшін екі еселенді, бұл жеңілдікпен қаржыландыру қоржынын ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа бағыт - кәсіпкерлердің басым бөлігіне - шағын және микро бизнеске жеңілдікпен несиелендіруді ұсыну әзірленуде.

«Сонымен қатар, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», Өңірлерді дамыту бағдарламасы, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық қамту шаралары қабылданды - мұның барлығы шағын және орта бизнес субъектілеріне тікелей және жанама қолдау көрсетеді», — деп қосты Р. Дәленов. 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025