06 Сәуір, 2010

Елдік - елге сын

531 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
ҚАЙҒЫҒА ОРТАҚТАСТЫҚ Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында болған қайғы­лы оқиға туралы жайсыз хабар ақ­тө­бе­ліктердің де қабырға­сын қайыс­тырып, еңсесін езіп кетті. Об­лыста табиғат апатына ұшы­рағандарға кө­мек қолын созу­шы­лар қатары күн сайын көбейе түсуде. Соның бірі – “Семсер-Секьюрити” ЖШС-нің Ақтөбе филиалы. Серік­тес­тік филиа­лында еңбек ететін 856 адам Ақтөбе облысы аумағындағы 1051 шақы­рым мұнай, 1200 шақырым газ құбырын күзе­теді. Жақында “Кең­қияқ- Құм­көл” мұнай құбырын күзететін вахта­лық топтың кезекті ауысымға аттан­ған 190 адамы тас­қын­нан зардап шек­­кендерге бір күн­дік жалақыларын аудару жөнін­де бастама көтерген-ді. Осы­ған байла­ныс­ты ұжымда өткен жиында “Семсер-Секьюрити” ЖШС Ақтөбе филиалының дирек­торы Қуанышбек Бақытжан­ұлы  Қызыл­ағаш ауылында болған қай­ғы­лы оқиғаның қасіретін тағы еске алып, қарамағындағыларды бастама­ны қол­дауға шақырды. Жиында сөйлеген меха­ник Қ.Са­ты­балдин, “Қаз­мұнай­газ” кәсіпорны­ның супер­вай­зері Ө.Ахметов, кинолог А.Третьяк, еңбек ардагері Қ.Бай­­менов мұндай істен ешкім де сырт қалмай­тынын, әріп­тестерінің бас­­та­масын бір ауыз­дан қолдайтын­дық­тарын білдірді. Се­рік­тестік филиа­лы­ның ұжымы өздерінің бір күндік жалақылары 600 мың тең­гені тас­қын судан зардап шеккен Қы­зыл­ағаш ауылының тұрғын­дары­на қайы­рымдылық көмек қорына аударды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы. ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ Қиын кезеңде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ынтымақ таныту қазаққа жат қылық емес. Жұмыла көтерген жүк жеңіл­дігін берік ұстанған Қызылорда облыстық сот жүйесі судьялары мен сот қызметкерлері және Қы­зыл­орда облыстық соттар әкімші­сінің ұжымы Алматы облысының, Ақсу ауданындағы “Қызылағаш” бөгетінің бұзылуы салдарынан зардап шеккен аудан тұрғын­дарына қайырымдылық қолдау ретін­­де өздерінің бір күндік жала­қы­ларын арнайы ашылған есеп-шотқа аударуға бірауыздан келісіп, соның нәтижесінде 1 262 078 теңге көлеміндегі қаржы арнайы қорға аударылды. Қ. ЖАНҰЗАҚОВ, Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің бас маманы. БАУЫРЛАСТАР КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА Береке-бірлігі, ынтымақ-тірлігі жарасып отырған қазақстандықтар үшін биылғы бір ауыр кезең – Алматы облысы, Ақсу ауданы Қызылағаш ауылындағы табиғат апаты болды. Ондаған адамның өмірі қиылып, үйлері жермен-жек­сен болып, мал-жаннан көз жазып қалды. Осындай сын сағатта тәуелсіз мемлекетімізде өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері ұйымшылдық танытып, материалдық та, мораль­дық көмек көрсеткеніне куә болып отырмыз. Бір ауылдың қасіретін бүкіл елдің басына түскен ауыртпалық деп біліп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зардап шеккендерге жұрт болып жұмылып көмек көрсету қажеттігі туралы айтқан­дарын алғашқылардың бірі болып қолдаған Отанымыздағы республи­ка­лық  Ұйғыр мәдениет орталығы­ның өкілдері дер едік. Олар алғаш­қы күннен-ақ бауырларына үндеу тастап, түбі бір түркі жұртының ұланы екенін танытып, көмек көрсету мәсе­лесін көтерді. Көптің аты көп, қазірдің өзінде сол бастама өз шешімін тауып, 10 миллион теңге­ден артық қаржыны зардап шеккен­дерге арнайы ашылған есеп-шотқа ау­да­рып отыр. Олар бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастыра беретінін, “Уйғур авази” газеті арқылы ар­на­йы есеп-шоттарын жариялап, көп­теген іске ұйытқы болуда. Орта­лыққа алтын діңгек болып отырған азаматтар алдағы уақытта мұндай жұмысты бүкіл түркі әлемі­нің бастау басы болып санала­тын шығыс өңірдегі қандас­тары­мызға да қаржылай көмек­те­се­тін­діктерін айтып отыр. Жақ­сы­лық бөліссе көбейеді, қасірет бөліссе азаяды деген осы болса керек. “Егемен-ақпарат”. ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫҚ Еліміздегі тосын оқиғаларға сергек қарайтын біздің ұжым мүшелері де қабырғасына Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарын­дағы су тасқынының зардабы қатты батуда. Апат салдарын жеңілдету үшін қолдан келгенше көмек көрсетуге жұмылған өңіріміз жұрты сияқты Отанымыз қауіпсіз­дігін қорғаушы қызметкерлер де қиын­шы­лыққа ұшыраған ағайын­дарға қолдау жасауды бірауыздан ұйғарды. Олар бір күндік еңбек­ақы­ларын Қызылағаш ауылы тұрғындарына көмек қорына аударды. Қайырымдылық шарасының басқа да жолдары қолданылады. Харсат ОМАРОВ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкері.