03 Сәуір, 2010

ЖАСТАР ДА ҚОЛДАЙДЫ

530 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ел тарихында үрдіс болып қалыптасқан Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы біз – жастар үшін де үлкен маңызға ие. Дүние жүзін жаһандық дағдарыс еңсіретіп жатқанда, егеменді еліміз еңсесін биік ұстап, даму стратегия­сын жүзеге асыруда.  Әрине, қиыншылықтар да кездесті, бірақ әрбір мәселе өз қолдауын, өз ше­ші­мін табу үстінде. Соның бір айқын дәлелі ретінде ақылы топта үздік оқитын студенттердің грант­қа ауысуын атап айтуға болады. Биылғы Елбасының Жолдауы бізді тағы бір мәрте жаңа бастама­лар­ға, жаңа мүмкіндіктерге жете­лей­тіні сөзсіз. Себебі, бізге  жүк­тел­ген міндеттер де айқын. Біз деп отырғаным, бұл болашақтың берік кепілі – жастар. Жаһанды қар­жы­лық қиыншылық шалған кезде, жастар мемлекет  тарапынан қол­дауға ие болды. Қаржылық тап­шы­лыққа қарамастан, еліміздің мың­даған студенттері  жоғары бі­лімдерін жалғастыруға, диплом­да­рын қолдарына тигендері жұмысқа тұруға мүмкіндік алды. Енді  біз де артылған сенімді ақтап, алды­мызға қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындауымыз керек. Елбасының онжылдыққа жаса­ған стратегиялық қадамы елімізді талай толағай табыстар мен жаңа биіктерден көрсетудің мүмкіндігі деп білемін. Бүгінде еліміз дүние­жүзілік аренада өз орнын тапты. Оның айқын дәлелі – еліміз Еуро­падағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымына төрағалық етіп, Еуропаның төріне шықты. Мемлекет алдында ашылып жат­қан жаңа мүмкіндіктер біз үшін қуантарлық жағдай.  Елба­сы­ның биылғы Жолдауында инно­ва­циялық-индустриялық даму мен экономиканы әртараптандыру бас­ты назарға алынған. Ал бұл жас­тар­ды ғылым мен білімге одан әрі бет бұруға, жаңа инновациялық жо­баларды жасауға және кәсіп­кер­лік­пен айналысуға жетелейтіні сөзсіз. Мемлекеттің халықаралық бе­де­лі мен байланыстары жас кә­сіп­керлер мен ғалымдар үшін үлкен мүм­кіндік. Өзге мемлекет кәсіп­кер­лерімен тәжірибе алмасып, еліміздегі бизнестің дамуына жаңашыл бағыт бере алатын болсақ, онда отандық өндірістің алға басқаны. Сол секілді, алған білімімізді зая кетірмей, еліміздің гүлденуі мен өркендеуі үшін жұмсайтын болсақ, онда бізге жүктелген міндеттердің  ақталғаны  деп есептеймін. Стратегиялық жоспарлар мен салиқалы саясаттың арқасында  бүгінде мемлекетімізді әлем мойындап отыр. Ал осы саясаттың басты негізі жыл сайынғы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы екені сөзсіз. Бұл келешектің кемел кілтін иемденетін жалынды да жігерлі жастардың үзік ойы ғана. Ал қоғамдағы отаншыл идея иелерінің берер бағасы мен саралар ойы бұдан да биік. Гүлнұр МАШТАҚОВА, “Жас Отан” ЖҚ мүшесі. Батыс Қазақстан облысы.