
«Эрик Христофорұлы мағыналы ғұмыр кешіп, прорабтан Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарлығына дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарды. Ол республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты, жоғары мемлекеттік наградалармен және атақтармен марапатталды. Эрик Христофорұлы жоғары кәсіби біліктілігімен, өз ісіне деген адалдығымен, адами қасиеттерімен және берік өмірлік ұстанымдарымен ерекшеленді», - делінген жеделхатта.