Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Атырау: Балықшыларға жеті мың тонна лимит бөлінді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір балықшылары көктемгі балық аулау маусымына кірісті. Биыл балықшыларға бөлінген лимиттің көлемі 7 мың тоннаны құрайды.

Атырау: Балықшыларға жеті мың тонна лимит бөлінді

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының мәлім етуінше, көктемгі маусымда  Каспийдің қазақстандық секторындағы солтүстік акваториясынан 25 мамырға, ал, Жайық өзенінен 15 мамырға дейін балық аулауға рұқсат берілген.

Бұл биылғы 7 мың тонна балық лимитін толық игеруге мүмкіндік береді. Қазір балық аулау маусымына Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында тіркелген 16 өндірістік кооператив пен 2 бекіре өсіру зауыты қатысуда. Бұларда еңбек ететін 3 мыңнан астам адам балық аулаумен және өңдеумен айналысады. Олар қазірдің өзінде 1 мың тоннадан астам балық аулады -дейді Артур Сәдібекұлы.

Оның айтуынша, өндірістік кооперативтер ауланған балықтың бір бөлігін Атырау қаласындағы сауда нүктелеріне жеткізіп жатыр. Ал, қалған бөлігі әр түрлі өнімдер дайындау үшін өңдеуге жіберілуде. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында осы кезге дейін 570 тонна балық қолжетімді бағамен сатылған.

Ал, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың пікірінше, балық аулау маусымында өндірістік кооперативтердің балықшылары бекіре өсіру зауыттарының мемлекеттік тапсырысты орындауына көмегін көрсетуде. Мәселен, 9 сәуірге дейін кооперативтердің балықшылары аталған зауыттар үшін 27 бекіре тұқымдас бағалы балықтар түрін аулап берді.  Бұл балықтардың уылдырығы жасанды жолмен алынып, зауыттарда шабақ өсіріледі.

 

Жолдасбек Көшербайұлы

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025