Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Қызылорда: Қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектелді

1130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы эпидемиялогиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты  бүгіннен бастап карантиндік режимдегі қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Қызылорда: Қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектелді

Соған байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің жүру уақыты шектеліп отыр. Қоғамдық көліктер енді таңғы 7:00-9:00, түскі 13:00-15:00, кешкі 18:00-20:00 аралығында ғана жүреді.

Қаладағы және қалаға қарасты елді мекендердегі (кәсіпкерлік нысандар, мемлекеттік маңызы бар нысандар және жеке тұрғын үйлер) барлық құрылыс нысандарының жұмысы 12 сәуірден - 22 сәуірге дейін тоқтайды. 

Шектеу шараларына сәйкес коронавирустық індетпен күресуге қатыстырылған мекемелерді қоспағанда меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер қызметкерлерінің 80 пайызы  қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіріледі.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше