Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

«Қазақфильм» киностудиясы карантин кезінде фильмдер апталығын ұсынады

555 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақфильм» киностудиясы карантин кезінде қазақстандықтар үшін қызықты әрі қауіпсіз демалыс ұйымдастыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген фильмдерді #bizbirgemiz науқаны аясында отандық телеарналарға ұсынып отыр.

«Қазақфильм» киностудиясы карантин кезінде фильмдер апталығын ұсынады

Осы орайда «Қазақфильм» туындыларын республикалық «КТК», «Хабар» және «Қазақстан» телеарналары арқылы прайм-тайм уақытында көруге болады. Киностудияның баспасөз деректерінде фильмдерді көру уақыты да көрсетілген. Мысалы, «КТК» арнасы демалыс күндері сағат 16:30 көрермендерге отандық фильмдерді көруге мүмкіндік жасап, «Үй киносеансы» жобасын бастады. Жоба 28 наурыз күні әйгілі «Айка» фильмінің көрсетілімінен басталып,  демалыс күндері «Қазақфильмнің» «16 қыз», «Жаңғақ тал», «Ұстаз» және «Ликвидатор» сынды фильмдерін көрсетуді жоспарлап отыр.

Жоба аясында көрермендерге беделді фестивальдерде жүлделі болған фильмдер: Эмир Байғазинның алғашқы жұмысы, қазақстандықтар арасында тұңғыш «Күміс аю» жүлдесін және 63-і Берлин кинофестивалінде Morgenpost газетінің сыйлығын алған «Асланның сабақтары»; 75-і Венеция кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алған «Өзен»; 41-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде Гран-при («Алтын Георгий» сыйлығы) және XV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде Гран-при алған Фархат Шариповтың «Тұлғалық өсу тренингі» фильмдері көрерменге жол тартады.

«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермендерге «Жерұйық», Томирис»,  «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Шырақшы/Хранитель», «Талан», «16 қыз» (2 бөлім), «Айка», «Композитор», «Қазақ хандығы. Алтын тақ» көркем фильмдерін, «Мұзбалақ», «Күлтегін», «Ер Төстік және Айдаһар» анимациялық фильмдерін көрсетеді.

«Хабар» және «Ел арна» телеарналары биыл «Қазақфильмнің» жүздеген көркем, деректі және анимациялық фильмдерін көрсетуді жоспарлап отыр. 5 сәуірде басталған «Отандық фильмдер онкүндігі» жобасының аясында «Хабар» телеарнасының көрермендері «16 қыз», «Қызғылт қоян туралы ертегі», «Анаға апарар жол», «Шал», «Кенже», «Томирис» және «Шырақшы» фильмдерін көре алады.

Сонымен қатар «Қазақфильмнің» әкімшілігі киностудияның ресми Youtube-арнасының (https://www.youtube.com/user/kazakhfilmstudios) фильмотекасын белсенді толықтырып жатқандарын айта кеткен жөн.

Дәл кәзір, кез-келген ыңғайлы уақытта интернет қолданушылары қазақ киносының алтын қорына енген және Шәкен Аймановтың туындыларын, сондай-ақ «Қазақфильмнің» анимациялық фильмдерін көре алады.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025