Әлем • 23 Наурыз, 2020

Италияда эпидемияның өршуіне тестілеу стратегиясы әсер еткен

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда коронавирустың кең етек алуы елдегі демографиялық ахуал емес, тест жүргізу жүйесіне байланысты деп атап өтті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Брюс Эйлвард.

Италияда эпидемияның өршуіне тестілеу стратегиясы әсер еткен

Оның айтуынша, Италияда эпидемияның өршуіне байланысты тестілеу стратегиясына өзгеріс енгізілген.  Ломбардияда вирус анықталған кезде вирусқа шалдыққандардың барлығына тест жасалған. Бірақ ары қарай вирусқа шалдыққандардың тым көбейіп кетуі мен материалдардың жетіспеушілігінен коронавирусқа тесті ауыр жағдайдағы науқастар мен тәуекелді топқа жататындарға ғана жасау туралы шешім қабылданған.

Қазіргі кезде Италия коронавирусқа шалдыққандар саны жағынан Еуропада алдыңғы орында тұр, тіптен қайтыс болғандар Қытай көрсеткішісінен асып түскен.

Бұдан бұрын мәлім болғанындай, Италия басшылығы жаңа типтегі коронавируспен күресте америкалық әскерилер көмегіне жүгінген. Италия тарапы Вашингтоннан маскалар мен жасанды тыныстандыру құрылғыларымен көмектесуді сұраған болатын.  

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше