
«Құрметті әріптестер, бұған дейін хабарлағанымыздай, Иордания таэквондо федерациясы 10-12 сәуір күндері Амманда өтетін құрлықтық іріктеу турнирінің уақытын шегерген болатын. Халықаралық таэквондо федерациясы, Азия таэквондо федерациясы мен Иордания таэквондо федерациясы ақылдаса келе жарыс уақытының өзгеретіні туралы шешім қабылдадық. Нәтижесінде, Олимпиада ойындарына Азия аймағының іріктеу турнирі 5-7 маусымға ауыстырылады. Жарыс өтетін жер алдағы уақытта хабарланады» делінген хабарламада.