
Алғаш рет Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының маңында орналасқан Бөрілі ауданының Орал маңы, Жарсуат және Успеновск ауылдық округтерінде Консультативтік кеңес құру бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға 2005 жылы қол қойылып, әр бес жыл сайын Жергілікті елді мекенді дамытуды қолдау жөніндегі бағдарламаны бекіткеннен кейін жаңартылып отырады.
Аталмыш меморандумның мақсаты – ҚПО-ның Жергілікті елді мекенді дамытуды қолдау жөніндегі бағдарламаны орындауы. Аталған бағдарламалар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған. Ол жергілікті тұрғындар мен Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданы билік органдары арасында қуатталды.
Халықпен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы З.Мұзафарова Ынтымақтастық туралы меморандум аясында бизнес, билік және қоғамның өзара іс-қимылы жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік органдардың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын дамытуға септігін тигізеді деп атап өтті.
Кездесу кезінде Бөрілі ауданының әкімі М.Сатқанов: «Барлық бағдарламалар халық арасында зор сұранысқа ие болды және олардың қажеттілігі уақыт талабы», деп атай келе, ҚПО жергілікті қауымдастықты дамыту саласындағы атқарылған және жоспарланған жұмысына алғыс білдірді.
Арман КУСАИНОВ
Батыс Қазақстан облысы