
- Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Бүгін біздің Министрлік «Ашық Үкімет» сайтында осы нормативтік-құқықтық акт тұжырымдамасының жобасын орналастырды. Келіп түскен ұсыныстар мен жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде бірқатар жаңа енгізілімдер ұсынылады, - деп жазды Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, енді 10 жұмыс күні ішінде әр азамат өз ескертпесі мен түсініктемесін қалдыра алады. Олар алдағы уақытта қарастырылады.
- Журналистерді, үкіметтік емес сектордың өкілдерін, азаматтық белсенділерді осы жұмысқа қатысуларыңызды сұраймын, - делінген жазбада.