
«Қажеті болса бөлінген қаржыны қысқарту керек. Ысырапшылдыққа жол бермеу қажет. Бұл шараларда ұқыптылық болсын, шектен тыс концерттерді ұйымдастыру, шетелдік әртістерді тарту қажет емес. Тіпті демеушілік қаржы бөлінгеннің өзінде, ысырапшылдық керек емес. Осы орайда, Абайдың 175 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылатын барлық шараларды мұқият пысықтап шығыңыздар» деді Президент.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шаралар ағартушылық мақсатты көздеуі керектігін және идеологиялық маңызы терең болғаны қажеттігін тағы да нақтылады.