
«Болот Төленұлы әлемдік кино өнерінде өшпес із қалдырды. Ол екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосты. Ол сахналаған қазақ әдебиеті мен драматургиясы классиктерінің шығармалары Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының ортақ мәдени мұрасына айналды. Болот Шамшиевтің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.