Спорт • Бүгін, 17:37

Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы триатлоннан Гонконгта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия чемпионаты: Қазақстан триатлоншылары екі медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Қыздар арасындағы жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына Диана Ержанова көтерілді. Спортшы қашықтықты 01:01:59 уақыт нәтижесімен еңсерді.

Екінші орынды Канаде Сугиура (Жапония) иеленді – 01:02:16. Ал Пак Со Ын (Оңтүстік Корея) 01:02:43 уақыт нәтижесімен үшінші болып мәреге жетті.

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден 11 медаль жеңіп алды

Ұлдар арасында Рамазан Әйнегов 55:39 уақыт нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Жапониялық Коносуке Учида бірінші орын алды – 55:22. Оның командаласы Даики Нишизаки екінші орынға тұрақтады – 55:34.

 
Соңғы жаңалықтар