26 Наурыз, 2010

ҰЛЫ ДАЛАҒА ОРАЛҒАН ҰЛЫ РУХТАР

715 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Елордада Тұй-ұқұқ және Теркін ескерткіш­тері­нің ғылыми көшірмесінің ашылу салтанаты және “Күлтегін” деректі фильмінің таныстыры­лы­мына арналған мерекелік шара өтті. Елордада Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде Тұй-ұқық және Теркін атты байырғы ескерткіштердің ғылыми көшірмесінің ашылу салтанаты болды. Оған Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Парламент Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ елімізге белгілі түрколог-ғалымдар қатысты. Салтанатты шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың араласуымен соңғы бес жыл бойы іске асып жат­қан мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы­ның нәтижесінде Мәдениет министрлігінің тап­сырмасымен Тұй-ұқық, Теркін ескерткіштерінің ғылыми көшірмесін елордамызға алып келіп орналастыруға және “Күлтегін” деректі фильмінің беташарына арналған мәдени шара. Енді осы тұлғалар жайында аз-кем дерекке тоқталсақ, Тұй-ұқық (646-738 ж.ж.) – Елтеріс Құтлұғ қаған­мен бірге 679 жылы Таң пат­ша­лы­ғына қарсы көтеріліп, ІІ Түрік қағанатын орнатқан тұлға. Ол үш бірдей қағанның – Елтеріс Құтлұғ, Қа­паған және Білге қа­ған­ның кеңес­шісі әрі қағанат әс­ке­рінің бас қол­­басшысы болған. Ел абызы атан­ған. Тұй-ұқық – шығыста Таң пат­шалығының сол­түс­тігіндегі Шан­­дунға, ал батыста Темір қақ­паға (Дербент) дейінгі аралықта 10 мың шақырымдық жо­рық жасап, 22 мәрте алапат со­ғысқа қатысып, атақ-даңққа бөленген қаһарман сардар. Ата­лған ескерткіш қазіргі Моңғолия жеріндегі Тул дария­сы­ның бойында 739 жылы орна­тылған. Теркін ескерткіші Біріккен түркі  қағанатын орнатқан  Елетміш Білге Тұр-айын қағанның ескерткіші болып табылады. Ұстын мәтінде қаған­ның арғы бабалары Жоллуғ, Жамы және Бұмын қағандар дәуірінен бастап кейінгі Көк түрік қаға­на­тының 80 жылдық билігі мақ­та­нышпен ай-тылады. Сондай-ақ мұн­да қағанат­тың терри­то­рия­сы, егін алқаптары, қыстақтары, орда­сы, түркі ұлысы бөлігінің құ­рылымы, әскери қуаты және ел­дікке ұйытқы бол­ған қай­рат­кер­лер туралы мол мағлұмат бар. Іс-шараны Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­вер­си­тетінде өткізудің өзіндік себебі де бар. Бүгінде Еуразия универси­теті түркология ғылымы сала­сында еліміздегі жетекші ұжымға айнал­ды. Университетте түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орта­лық­тары жұмыс жасайды. Осы орталықтардың ғалымда-ры түбі бір түркі халықтарының ең алғашқы жазба мұраларының бас кітабы “Орхон ескерт­кіш­те­рінің толық атласының” І то­мын шы­ға­рып, әлемнің 82 еліне тарат­ты. ІІ томы жуық айларда бас­­падан шықпақ. Онымен қатар, “Бі­ріккен түркі қағанаты” (2001), “Орхон мұралары” (2003), “Ба­йырғы түркі жазуының генезисі” (2007) атты еңбектердің сыртында 2001 жыл­дан бері 4 мәрте халықаралық ғы­лы­ми-теориялық конференция өт­кізіп, әлем ға­лым­дарының баянда­малары жинақ етіп шығарылған. Дүние жүзінде түркі халық­тарының 3000 жыл бойы қол­дан­ған жазу мәдениетінің “Жазу тарихы” мұражайы Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылған болса, сол “Жазу тарихы” мұра­жайы осы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ор­наласқан. Бізге бұл мұражай­мен мақтануға әбден болады. Өйт­кені, славян, қытай халық­та­рының “Жазу тарихы” мұра­жайы көп жылдан бері жұмыс жасап келген болса, бұған дейін түркі халық­та­ры­ның жазу мұра­жайы болмаған-ды. Енді, міне, Күлтегін ескерт­кішінің ғылыми көшірмесі, Елтеріс Құтлұғ қағанның түп­нұсқа бас мүсіні осы мұражайдың бе­делін көтеріп тұрған экспонаттар. Түркология зертханасында Еу­разия аймағынан, нақтылап айтсақ Сібір, Моңғолия, ҚХР-ның Орта­лық және Шығыс Түркістан ай­мақ­тарынан, Орта Азия­дан жин­а­ған 30 сағаттық видеролик сақ­таулы. Оның сыр­тында ежелгі және ертеорта ғасырда жасалған та­рихи-мәдени мұ­ралардың 10000 дана фото­суреттері сақталған. Бұ­лар түркі­та­ну­дың және байырғы мәдение­ті­міздің аса үлкен қоры. Жоғарыдағы аталған тарихи-мәдени құндылықтар университет қабырғасында білім алып жатқан студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыратын көр­некті құралы, ғылыми лабора­то-риясы болып отыр. Міне, осындай мүмкін­ші­лік-терді еске ала отырып, еліміздің Мә­дениет министрлігі жоғары­дағы екі үлкен ескерткіштердің ғы­лыми көшірмесін Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситетіне қоюды ұйғары­пты. – Байырғы түркі құнды­лық­тарын халық жадына сіңіруге университет ғалымдары аянбай ең­бе­к ету үстінде. Ғалымдарымыз ра­дио, теледидар арқылы байырғы мұ­раларды насихаттаумен қатар театр сахнасын да, кино экранын да пайдалануда. “Наз” би ансамблімен бірігіп көк түрік тақырыбында “Тұйғындар” би спектаклін, “Қас” те­лестудия­сымен бірігіп “Күлтегін” де­ректі фильмін өмірге әкелді. Ке­ле­шекте Мәдениет министрлігі қол­дау білдіріп жатса, Тұй-ұқық, Білге қаған, Күллі-чор, Елетміш Білге Тұр-айын қаған және Орда-балық қаласы сияқты 6 деректі фильм тү­сіріп, халық игілігіне ұсынуға мүм­кіншілігіміз бар, – дейді мамандар. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. АСТАНА.