Экология • Бүгін, 15:35

Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев маңызды бастама көтерді. Аймақ басшысы экология саласындағы жауапкершілікті күшейтіп, қоршаған ортаны қорғау нормаларын Ата Заң деңгейінде бекіту қажеттігіне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық

Нұрлыбек Нәлібаев өңірлер үшін, соның ішінде экологиялық ахуалы күрделі Арал маңы аймақтары үшін ерекше маңызға ие екенін айтты. Әкімнің айтуынша, теңіздің тартылуы қоршаған ортаға ғана емес, аймақ халқының өмір сапасына, денсаулығына және әлеуметтік жағдайына да тікелей әсер етіп отыр.

«Арал теңізінің тағдыры – бүкіл адамзат үшін ауыр сабақ. Оның салдарын біз әлі күнге дейін сезініп келеміз. Сондықтан мемлекеттің қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету міндетін, азаматтардың экологиялық қауіпсіздікке қатысты құқықтарын Конституциялық деңгейде бекіту – уақыт талабы», деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жаңа Конституция жобасында экологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған нормалар қарастырылған. Облыс әкімінің пайымынша, бұл өзгерістер экология саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтіп, өңірлерде алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы рөлін арттыруға арналғанын атап өтті. Құжат әлеуметтік теңсіздікті қысқартуға, ауылдық аумақтарды қолдауға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.

Ерлан Қарин: Қолданыстағы Ата заңның көптеген тұстарын бірнеше рет қайталап оқысаңыз да, түсінбейсіз

Оның сөзінше, білім беру саласын стратегиялық басымдық ретінде бекіту – адами капиталды дамытудың басты тетігі. Бұл жастарды сұранысқа ие мамандықтарға даярлауға және олардың әлеуетін туған өңірлерінде жүзеге асыруына жағдай жасауға бағытталған.

«Елімізде адами капиталды дамыту үшін білім беруді стратегиялық басымдық ретінде бекітеді. Біз жастардың болашағына инвестиция салуды, сұранысқа ие мамандарды даярлауды, жас азаматтардың өз әлеуетін туған жерінде іске асырып, болашағын туған елмен байланыстыруына жағдай жасауды толық қолдаймыз», деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты ажыратуға және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар