
№43, 38, 57, 64 орта мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қолға алған жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылып отыр. Жобаның негізгі мақсаты – халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын мектеп оқушыларына, әсіресе бастауыш сыныптағы балалар арасында насихаттау.
Жоба ұйымдастырушылары Динара Сүлейменова, Күләш Саттыбаева, Айгүл Сағитова, Гүлшат Төлегеннің айтуынша, рухани құндылықтарды дәріптеу де негізгі мақсаттарының бірі. «Жоба бір жыл бойы жалғасады. Суретшілер одағы, дизайнерлер, мүсіншілер мен фотографтардың қолдау көрсетуі жоспарланған. Жоба аясында түрлі шеберлік сабақтары, түрлі мамандық иелерімен кездесулер өткізіледі. Балаларға мәдениет пен тарихымызды түсіндіру үшін төрт мектептің қызметкерлері бірігіп отырмыз», дейді ұстаздар.