Аймақтар • 14 Қараша, 2019

«Бөбекте» республикалық олимпиада өтті

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 12 – 14 қараша аралығында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында Республикалық олимпиада өтіп жатыр.

«Бөбекте» республикалық олимпиада өтті

Олимпиадаға «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобаларды әзірлеген 7-9 сынып оқушылары қатысады.  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиада кұндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында өткізіліп отыр. Республикалық кезеңде әрбір аймақтан келген команданың әлеуметтік жобалар байқауы өткізіледі, бұл жобалар Олимпиада барысында әзірленді және таныстырылды.

Олимпиаданы дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіріп, жүзеге асыру үшін «Бөбек» ҰҒПББСО-нда ұйымдастыру комитеті құрылды. Орталықтың басшылығы мен ұжымы Олимпиада қатысушыларын кез-келген уақытта  қарсы алуға дайын.

Бос уақытта, олимпиада қатысушыларына Бөбек-2 территориясында шағын экскурсиялар, ойындар, танысу кештері жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше