Қоғам • 28 Тамыз, 2019

Халық­аралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар жылы аясында ұйымдастырған этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының қатысуымен өтетін халық­аралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады.

Халық­аралық «Бірлік» жастар лагері жұмысын бастады

25 тамызда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жастар және шетелден келген қонақтар «Достық үйі – Қоғамдық келісім орта­лы­ғында» бас қосып, «Дарын» орталығының жазғы сауық­тыру лагеріне жол тартты. Қатысушылар тіркеуден өт­кен соң, жеребе тартып топ­қа бөлінді. Кейін лагерь ау­мағында «Tеам-building», би кешін ұйымдастырып көңіл көтерді.

Келесі күні «Бірлік» лаге­рінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынба­са­ры Шерзод Пулатов, «Мы – россияне» Ресей халық­та­рының Жастар ассамблеясы» жалпыресейлік қоғам­дық қозғалысының Омбы ай­мақтық бөлімшесінің төр­ағасы Ермек Хапизов жә­не мүшелері Я.Ульянов, Д.Ли­повик, «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жас­тар қозғалысының үздігі Ти­мур Жұмырбаев қатысты. Іс-шараның мақсаты – мем­лекеттік жастар саясатын дамыту және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттау.

Лагерь аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар саясатын дамыту ба­сымдықтары» атты форум, «Жастар ұйымдарының ха­лықаралық жұмыс тәжіри­бесі» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғы­ру жолы» республикалық жас­тар қозғалысының міндеттерін практикалық іске асыру» туралы дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ жастар арасында пікірталас, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Соңында жастар «Қазақстан ұйғыр жастары одағының» шығармашылық кешін тамашалап, би жарысымен алғашқы күнді тәмамдады.

«Бірлік» халықаралық жас­тар лагері бүгін мәресіне жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03