17 Наурыз, 2010

ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжілістің жалпы отыры­сы­ның күн тәртібіне “Трансферттік баға белгілеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өз­герістер мен толықтырулар ен­гізу туралы” заң  жобасы екінші оқылымда ұсынылды. Сонымен қатар, “Құқық бұзу­шылық профилактикасы ту­ралы” және соған сәйкес бірқа­тар заң­дарға енгізілетін толық­ты­руларды қарастыратын заң жо­балары бойынша Мәжіліс пен Се­нат ара­сындағы келіспеуші­лік­тер­ді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары қаралды.