16 Наурыз, 2010

ҚАЗАҚСТАН БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстанға өзінің шақыруы бойынша келген Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жаңа төрағасы Мевлют Чавушоглумен кездесті. Мевлют Чавушоглу – ЕКПА төрағасы болып сайланған тұңғыш түрік азаматы. Ол атал­мыш қыз­метке үстіміздегі жыл­дың қаңтар айында ғана сайланған болатын. Кездесу кезінде Мемлекеттік хат­шы – Сыртқы істер министрі   Қанат Саудабаев мейманды осы­нау құрметті лауазымға сай­ла­нуымен құттықтады. Одан әрі екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мә­селелері туралы пікір алмасылды. Қазақстан мен ЕКПА ара­сын­­­дағы ынтымақтастық 2004 жы­лы қол қойылған екіжақты  ке­лісім-шарттың негізінде іске асуда. Тараптар оның орындалу барысын талқылай келіп, екі­жақты қатынас­тарды алдағы уақыттарда нығайта түсудің жаңа перспективалары ту­ралы сөз қозғады. Қанат Сау­дабаев қонақты ЕҚЫҰ төраға­лығына байланысты Қазақстан баста­ма­лары және “Еуропаға жол” бағ­дар­ламасының орындалу ба­рысы туралы хабардар етті. Өз к­ез­егінде Мевлют Чавушоглу Қазақстанға келуі лауазымды қызметке сай­ланғаннан бергі өзінің ең алғашқы сапар­ла­ры­ның бірі екендігін айтты. Біз Қазақ­станның аймақ­тық қана емес, ғаламдық тұрақ­тылық пен бей­бітшіліктің сақ­тал­уына оң ықпал ете алатын ел ретінде көріне бастағанына қуа­ныш­ты­мыз, деді ол. Сонымен бірге, ЕКПА Қа­зақстанның ЕҚЫҰ ел­дері бас­шыларының саммитін өткізу туралы бастамасын қол­дайтынын жеткізді. Кездесу екіжақты түсі­ніс­тік­ке, жарқын пікір алмасу түрінде өтті. Жақсыбай САМРАТ.