13 Наурыз, 2010

БЕС АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

717 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Петропавл-Астана автожолының 66-шы шақырымында “Ман”, “Хюндай” және “Ауди” көліктерінің соқтығысуы салдарынан бес адам көз жұмды. Бір адам ауруханаға жеткізілді. Мемлекеттік автоинспекция қыз­мет­­кер­лерінің ақпаратына қарағанда, “Хюн­дай” көлігінің жүргізушісі жол жү­ру ере­жесін өрескел бұзып, қарсы бет­тегі “Ауди” көлігіне соқтығысқан. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.