13 Наурыз, 2010

СОНЫ СЕРПІЛІСТЕР КЕЗЕҢІ

545 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Мен бүгінгі жастарға шын мәнінде қызыға қараймын. Өйткені, олар тамаша уақытта өмір сүріп жатыр. Олардың ата-аналарының түсіне де кір­меген нәрселер қазіргі таңда ақиқатқа айналған. Менің бүкіл еңбек жолым Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы астықты “Трудовик” кеңшарымен ті­ке­лей байланысты. Оның еңбек жеңісіндегі даңқты тарихы ме­нің көз алдымда өтті. Кеңшар 23 мың гектардан астам жерге егін егіп, ауа райы қолайлы жыл­дары молынан өнім жи­найтын. Сөйтіп, бүкіл рес­публика бойынша алдыңғы саптағылар қатарынан көрі­нетін. Отанымыз үшін қиын­дыққа толы 90-жылдарғы ке­леңсіз үдерістер шаруашылық тағдырына да кері әсерін тигізді. Нәтижесіз жүргізілген тәжірибелер салдарынан кең­шар күйреп тынды. Уақыт өте қайта еңсе көтере бастаған ауыл экономикасын бас­қаруға еңбексүйгіштігімен және кә­сіби дайындығымен таныл­ған­дар, қиындықтарға қасқайып қарсы тұра біл­гендер келді. Мен зейнет демалысына шыққалы біраз уақыт болды. Жақында қалаға қоныс аудар­дым. Бірақ көктемде және жаз­да міндетті түрде туған Приречное ауылына – “Тру­довик” кеншарының бұрынғы орталық усадьбасына келіп тұрамын. Әр келген сайын жерлестерімнің жаңа бір та­быстарын көріп, көңілім өседі. “Жол картасы” деген бағ­дарламаның табыстылығын айтсаңызшы! Осы бастамасы үшін біздің Президентімізге жұмыс тапқан, тұрғын үйге қол жеткізген адамдардың алғысы шексіз! Жөнделген жолдар, ауруханалар мен мек­тептер және жаңа балабақ­шалар үшін де ризашылық­тары мол. Біздің балала­ры­мыз жоғары оқу орындарын, кол­ледж­дерді бітіргеннен кейін жұмыс таппай қиналып кел­гендері де жасырын емес. Ал қазір “Жастар прак­ти­касы” бағдарламасы бойынша оларға жұмыс беріледі. Сөй­тіп, олар іс жүзінде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алып отыр. Мен теректілік жерлестерім үшін шексіз қуаныштымын: олардың үйлеріне “көгілдір отын” – газ келді. Бұл – ауыл адамдарының өмір сүру дең­гейі жаңа сапаға көтеріледі деген сөз. Сіздің бастама­лары­ңыздың барлығы қазақстан­дықтардың өмір сапасын жақ­сартуға бағытталған, құрметті Президент. Сіздің облысты газ­дандыру жөніндегі тапсыр­маңыз қалай орындалып жат­қаны туралы айрықша айтқым келеді. Бұған дейін облыс аумағында аты әлемге белгілі Қарашығанақ газ конденсаты кен орны бола тұра, көп­шілігінің газ қызығын көре алмай отырғандары жергілікті тұрғындардың түсінбеушілігін туғызатын. Осындай жауапты да тағдыршешті міндеттерді жүзеге асыру кей жағдайда кадрларға, олардың біліктілігі мен кәсібилігіне байланысты екені байқалады. Бақтықожа Ізмұхамбетов бұрынғы министр ретінде, біздіңше, қуат көздерінің құны мен маңызын жақсы білетін сияқты. Қысқа мерзім ішінде облыста газдандыру бағдар­ламасы бұрын-соңды болмаған ауқымға жетуі де сондықтан болса керек. Қазіргі кезде “кө­гілдір отын” облыс орталығы тұр­ғындарының үйлеріне ғана емес, Оралдан 600 шақырым қашықтықта жатқан Бөкей ордасы ауылдарына дейін же­тіп тұр. Газдандыру бағдар­ла­масына сәйкес 2010 жылы ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс. Қарашығанақ – Орал газ құбырының екінші кезеңінің құрылысы жүріп жатыр. Осы жоба аяқталған кезде 92 мың тұрғыны бар 146 елді мекен “көгілдір отынға” қол жеткізетін болады. Бұл – об­лыстағы он екі ауылдық аудан­дар тұрғындарының тоғызынан астамы газбен қамтылады деген сөз. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің кәсіпкерлер туралы айтқан­дарыңыз жүрегімізге өте жылы тиеді. Шын мәнінде іскер де ілкімді адамдар мемлекеттің эко­номикалық қуатын артты­рып, жаңа әлеуметтік бағдар­ламалардың жүзеге асуларына мүмкіндіктер туғызады. Мұны менің туған Теректі ауылымдағы мысалдардан да айқын көруге болады. Жер­гілікті кәсіпкерлердің бастама­ларының арқасында жүздеген жұмыс орны құрылып, ауыл­дар инфрақұрылымы қайта жаңғыруда. Сөйтіп, ауыл адам­дарының ертеңгі күнге деген сенімдері арта түскен. Көп­шілігі таныс іскер адамдардан үлгі алып, жеке дүкендерін ашып алған. Өзінің шаруа қожалығын ұйымдастыр­ған­дары да бар. Бұрындары өзіміздің от­басымызда да бизнеспен ай­на­лысатын адам пайда болады деп ойлаған жоқ едім. Менің үл­кен ұлым Мұрат туған ауы­лында өзінің ауыл шаруашы­лығы кәсіпорнын құрып алды. Жағдайы жаман емес. Оған дипломы бар тә­жірибелі агро­номдық қызметі мен бала кезі­нен менің со­ңымнан қалмай жұмысқа ара­ласқаны, жоғары оқу орнында оқып жүргенде жиын-терін кезінде комбайнда жұмыс істегені көп көмегін ти­гізгені тағы анық. Оның ша­руа­­шылығы қалыптасу кезеңі­нің барлық қиындықтарын ең­серіп, қазірде аяғынан нық тұр. Ауыл кәсіпкерлеріне мем­лекет тарапынан үлкен жәр­дем-көмек көрсетіліп келеді. Соның арқасында ұлымның шаруашылығы жаңа техника мен жақсы тұқымға қол жет­кізіп отыр, өндірістік базасы бар. Ал ең бастысы – ұлым болашағына сеніммен қарай­ды. Кәсіпорнын дамыту­ды жоспарлап отырғаны да мемлекет қамқорлығының нәтижесі ғой деп білемін. Біздерге, аға ұрпақ өкіл­деріне балаларымыз үшін, Қа­зақстан халқын жаңа эконо­микалық өрлеуге сенімді бастап келе жатқан Прези­дентіміздің батылдығы мен шешімділігі үшін қалай қуан­сақ та жарасатындай. Төлепқали МҰҚАШЕВ, еңбек ардагері. Орал.