13 Наурыз, 2010

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҒЫН ҚАЛАҒАНДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ ҚАРАЛДЫ

648 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті. Өткен жылы болған Жал­пы­ұлттық халық санағы елімізде 16,5 миллионнан аса адам тұ­ра­тындығын көрсетті. Тәуелсіз­дік­тің алғашқы жылдарында елі­міз­ге келіп қоныстанушыдан гөрі, тарихи отандарына кетуге тілек білдірушілердің саны басым түс­кені белгілі. Сол күндер тарих қой­науына еніп, ен­дігі жерде елімізге келу­ші­лер­дің саны жыл­дан жылға өспесе, кеміп жатқан жоқ. Тәуелсіздік ал­ғаннан бері шамамен 700 мың­дай адам елі­міздің азамат­тығын қабылдаған. Азаматтық мәселелер жөнін­дегі комиссияның кезекті мәжі­лісінде Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев: “Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың сал­да­рына байланысты осындай қиын уақытта Қазақстан азамат­тығын алуға әр түрлі елдерден талпынушы адамдардың өсуінің астарында жалпыұлттық Көш­бас­шы және Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың сындарлы стратегия­сына деген сенім мен адамдар­дың дәл осы жерді өздеріміз бен балаларымыз  үшін лайықты өмір сүретін орта деп таңдаған жү­рек қалаулары жатыр. Қазақ­стан Республикасының азаматы деген жоғары атақ барлық құ­қық­тарды беріп қана қоймай, соны­мен бірге, азаматтарға біздің заңдарымызды сақ­тауды, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді құр­мет­теуді, елімізде бейбітшілік пен келісімді қолдауды, Отаны­мыздың әрі қарай әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында өз үлес­терін қосуды да міндеттейді”, деп атап өтті. Ендігі кезекте жауапты мем­лекеттік органдар олардың елі­мізге тезірек бейімделуін қам­та­масыз етуді шұғыл және жауап­кершілікпен шешуі қажет, деп ойын түйіндеді  Қанат Саудабаев. Комиссия отырысында 17 мың­нан астам Қазақстан азамат­тығын алғысы келетін адамның құжаттары қаралды. Аза­маттық беру туралы Жарлыққа Елбасы қол қойғаннан кейін олар  Қазақ елінің толық­қанды азаматтары атанбақ. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.