Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған аталған комиссияның алғашқы отырысы былтырғы 9 қыркүйекте өткен болатын. Сол уақыттан бастап еліміздің төрағалыққа қатысты жауапты жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. “Елбасы атап өткендей, ЕҚЫҰ-ға төрағалық Қазақстан мемлекеті үшін зор маңызға ие ұлттық стратегиялық жоба болып саналады. Биылғы жылдың 14 қаңтарында Венадағы Тұрақты кеңес отырысындағы өзінің бейнежолдауында Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ алдында тұрған негізгі қауіп-қатерлерді сипаттай келе, олардың алдын алу жолдарын және Қазақстан төрағалығының маңызды басымдықтарын айқындап берді. Бұл Ұйым жауапкершілігі кеңістігіндегі қауіп-қатерлерге талдау жасауда, ең алдымен Ұйым ішіндегі “қатынастар экологиясын” қалпына келтіруде еліміздің көшбасшы екендігін дәлелдеді”, деді отырыста сөйлеген сөзінде Қ.Саудабаев.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі өз сөзінде бұл төрағалықтың мемлекеттілігімізді нығайтуға қызмет ететіндігін атап көрсетті. Бұл ретте ЕҚЫҰ алдында тұрған мәселелер күрделі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие, сол себепті Ұйымның жаңаша түрленіп, өзгеше жандануы үшін Қазақстан тарапынан үлкен жұмыстар атқарылуы тиіс. Қазіргі таңда Астана осы үдерістің бастамасы ретінде аталған әмбебап институттың жақын болашақтағы эволюциялық дамуының негізін қалауда. “Бұл тұрғыда біздің серіктестеріміз Ұйымды бүгінгі күннің шындығына сәйкес бейімдейтін және қауіп-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік беретін ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы Елбасы бастамасын көкейкесті әрі уақтылы қабылданған шешім ретіне бағалауда. Сол себепті аталған саммиттің өткізілуі Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін еселей түспек”, деді Қ.Саудабаев.
Мемлекеттік комиссия отырысы кезінде Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі аталған бастаманың Ұйымға мүше елдер тарапынан қолдауға ие болғандығын, қазіргі таңда бұл үдеріс нақты түрде жүзеге асырыла бастағандығын жеткізді. Бүгінде оны өткізу мерзімі жөнінде тиісті кеңестер жүруде. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар айында “Үштік” форматында ЕҚЫҰ мен Еуропалық Кеңес арасындағы консультациялардың бірінші кезеңі жүзеге асырылып, Еуропалық Кеңес президенті Х. ван Ромпемен, Еуропалық Комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен, Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі К.Эштонмен және Еуропалық Парламент төрағасы Е.Бузекпен арнайы кездесулер өткізілген.
Бұл ретте айрықша атап өтерлігі – ол Қазақстанның төрағалығы кезінде Ауғанстандағы күрделі мәселелердің күн тәртібіне енгізілгендігі. Мәселен, биылғы жылдың қаңтар айының соңында Лондонда ұйымдастырылған халықаралық конференцияға да Ауғанстан мәселесі өзек болғанын айтқан жөн. ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібіне де Ауғанстан мәселесінің қойылуы үлкен қолдау табуда. Осыған орай, Саммитке дейінгі дайындық мәселелеріне Ресей, Испания, Франция, Италия, Түркия сынды мемлекеттер атсалысып, биылғы жылдың маусым айында нақты ұсыныстар мен бастамалар белгіленетін бастапқы баяндаманы әзірлеу төңірегінде елшілер деңгейінде кездесулер ұйымдастырыла бастаған. “Осы жылдың жаз айында Алматыда өтетін Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде саммиттің күн тәртібі мен өткізілу мерзімін бекіту көзделіп отыр”, деді Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі. Осылай дей келе, Қанат Саудабаев Елбасы мен еліміздің ұйымға төрағалығынан ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің саяси элитасы мен сарапшылар тобы үлкен үміт күтіп отырғанына тоқталды. “Бұл бізге айрықша жауапкершілік, ал мемлекеттік құрылымдарға жүйелі және үйлесімді әрекет етуді жүктейді”, деді Қ.Саудабаев сөзін қорытындылай келе.
Бұдан кейін жұмыс тобы жетекшілерінің есептері тыңдалды. Отырыс соңында комиссияның жұмысы қорытындыланып, арнайы хаттама қабылданды. Онда тиісті мемлекеттік органдарға жүктелген нақты міндеттер айқындалған.

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32