Видеодан алынған кадр
Талдау нәтижесінде су сынамаларында сульфаттардың мөлшері жоғары екені анықталған. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы фактор балықтардың қырылуына себеп болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ластану өнеркәсіптік қалдықтармен байланысты.
Қышқыл ерітінді кәріз құбырына төгілген, содан кейін құбыр жарылған. Судың агрессивті химиялық құрамына байланысты төгіндіні бірден тоқтату мүмкін болмаған. Бірнеше сағат бойы ластанған ағын су өзенге құйылып отырған.
«Шымкент қаласы аумағында орналасқан Бадам өзенінде балықтың қырылу фактілері бойынша Арал − Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірге құзырлы органдар тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. «Еламан» шағын ауданы бағытына қарай тартылған канализация құбырының жарылуына байланысты балық қырылу фактісі анықталды», делінген АШМ балық шаруашылығы комитетінің мәлімдемесінде.
«Қазір табиғатқа келтірілген залалды анықтау мақсатында өлген балық шабақтарын жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде құқық бұзушыға тиісті шаралар қабылданады», делінген хабарламада.