12 Наурыз, 2010

САЛЫҚ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үстіміздегі жылдың сәуірінде “Нұр Отан” ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің Қаржы министрлі­гін­де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жағдайы туралы мәселеге арналған отырысын өткізу жоспарланып отыр. Осы отырысқа дайындық шең­бе­рінде Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы партияның Орталық аппаратында азаматтарды қа­былдауды ұйымдастырады. Салық комитетінің төрағасы Дәулет Еділұлы Ерғо­жин Астана қаласы, Б.Қонаев көшесі 12/1 мекен-жайы бойынша №104 кабинетте 2010 жылдың 12 наурызы күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Байланыс телефондары: 71-71-08, 70-76-62.