Қазақстан • 01 Сәуір, 2019

Қазақстандық кәсіпкерлер Грузияда электроавтобус құрастыратын зауыт салуды жоспарлап отыр

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузия қазіргі таңда экологиялық таза көлік құралдарын дамытуға ден қойып отыр.

Қазақстандық кәсіпкерлер Грузияда электроавтобус құрастыратын зауыт салуды жоспарлап отыр

Тбилиси мэриясы дайындаған   «Жасыл саясат – экокөлік» жобасына  сәйкес Грузия келесі жылы 200-ге жуық электравтобус сатып алмақ болып келісімге келді. Қазақстандық кәсіпкерлердің  мұндай көлікті осы елде құрастыру туралы ұсынысы  отандық инвесторлар тарапынан қолдауға ие болды. Грузиндік сарапшылар электроавтобусты құрастыру жобасы екі жаққа да тиімді екенін айтады.

Бірақ Грузия бұл көлікті сатып алуы үшін бәсекелестікке қабілетті болуы тиіс деген пікірде.

«Қазақстандық тарап жобаға 10 миллион доллар қаржы салуға әзір. Грузия жыл сайын кем дегенде 100 автобус сатып алуы керек. Елдегі осы көлік түріне қажеттілікті ескерсек, бұл сан аса көп емес. Жобаның келешегі де зор. Себебі қазақстандық тарап 2 жылдан кейін өндіріс ошағын басқаруды Грузияға беруге әзір», - дейді Грузия парламентінің депутаты Давид Чичинадзе.

Грузиялық сарапшы Вахтанг Чараяның пікірінше Грузия электроавтобустарды шетелдерден сатып алып келді.  Сондықтан бұл жобаның құны да, салмағы да  маңызды.

«Мысалы, неміс автобусы 100 мың доллар болып, Грузияда жасалатын көлік 150 мың доллар тұрса, бұл Грузия үшін тиімді деп ойламаймын. Сондықтан автобустың құны мен сапасына көп мән берілетін шығар», - дейді Вахтанг Чарая.


Гүлбаршын САБАЕВА,

 «Еgemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ