ЭКСПО-2017 • 31 Шілде, 2017

Беделді шараға келушілер саны 2 миллионға жуықтады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 1 794 132 адам келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Беделді шараға келушілер саны 2 миллионға жуықтады

«24-30 шілде күні ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 309 832 адам, яғни орташа есеппен күніне 44 261 адам келді. Еске сала кетсек, көрме жұмысының алғашқы аптасында күніне 23 мың адам келген еді», - деп жазды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Осылайша, 10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта Көрме келушілерінің саны 1 794 132 адамды құрады.

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне  келушілер саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп болжанған еді.

Көрме кешенінің ең көп тамашаланған нысандары:

1. Нұр Әлем

2. Коммерциялық павильондар

3. Шелл балалар зертханасы

4. Балалар паркі

5. Тақырыптық С3.5 павильоны

6. Дю Солей циркі

7. Амфитеатр

8. Тақырыптық С 2.4 павильоны

9. Шығармашылық энергия аймағы

10. АРТ-орталық  

Келушілер ең көп тамашалаған павильондар:

1. Африка плазасы

2. Үндістан

3. Египет

4. Түркия

5. Ресей

6. Таиланд

7. Жапония

8. Өзбекстан

9. Әзербайжан

10. Сауд Арабиясы Корольдігі.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58