Ертең, сағат 11:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы мен Алматы қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 өткізу қорытындысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн- таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көруге болады. Отырыс қорытындысы бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың, қаржы министрі Б. Сұлтановтың және инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.Қазақстандықтар Катарда заңды түрде жұмыс істей алады
Жұмыс • Бүгін, 00:03
Семейде кәріз құдығына түскен екі жұмысшы есінен танып қалған
Төтенше жағдай • Кеше
Алдағы күндері кейбір аймақтарға үсік жүреді
Ауа райы • Кеше