Отбасын құрған ерлі-зайыптылардың ортасында сәби болмаса немесе оның дүниеге келу мерзімі кешіксе, бұл жағдай олардың қабақтарына кірбің түсірмей қоймайды. Өкінішке қарай, бүгінде баласыз отбасылар қатары көбеймесе, азая түсетін түрі көрінбейді. Әрине, бір перзентке зар болған ерлі-зайыптылар бүгінгі заманғы медицинаның көмегіне арқа сүйей отырып, бала сүйе алады. Алайда, бұған қол жеткізудің мүмкіндігі бірде болса, бірде бола бермейді.
Осы орайда ұзақ жылдан бері тұңғыштарын күтуден үміттерін үзбеген, бір-біріне ғашық жандардың сауабын алып жүрген жүрегінің жылуы мол жан жөнінде әңгіме өрбітудің орайы келіп тұрғандай. Бұл Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Максим Пак десек, дәл үстінен түсеміз.
Өткен жылы Бөрлі ауданында ұзақ жылдан бері сәби құшуды армандап жүрген бірнеше ерлі-зайыпты Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеул клиникасында емделіп әрі олардың алған емдері оң нәтиже беріп, көптен күткен тұңғыштарын дүниеге әкелді. Бұл арада Максим Пактың осынау қуанышқа қатысы қандай деген сауалды тағы бір еске сала кеткеннің артықшылығы бола қоймас. Өйткені, ол Орал өңірі мен Сеул клиникасы және Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара келісімге қол қою жөніндегі мәселеге бастамашы бола білді. Әрі аталған құжат батысқазақстандықтардың мүдделері мен пайдасына нақты қызмет жасай бастауына әжептәуір күш-жігері мен ақыл-ойын сарп етті. Осы арада корей этномәдени бірлестігінің төрағасы кез келген күрделі келісімге келе алатын мәмілегерлік қырымен де таныла алғаны анық. Ал бұл келісімнің нәтижесі қандай болғанын жоғарыда айтып өткен едік.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің пікірінше, қазақстандық және кореялық мамандар ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынастарының үлкен болашағы бар. Ал тікелей өзіне қатысты алғанда, ол өзінің бастамасымен ойға алған мақсатын одан әрі жалғастыра түсуді ұйғарған. Оның аясы бала сүйгісі келетін ерлі-зайыптыларды емдетумен шектелмейді. Осы қатарда отоларингология жүйесі бойынша балаларға квота бөлдірту және әйелдер арасында кездесетін онкологиялық ауруларды Сеул клиникасында емдету жолдары қарастырылған. Сондай-ақ, бүгінгі күні тұла бойы қайырымдылық пен ізгілікке толы азаматтың басты мақсатының бірі батысқазақстандықтар Оңтүстік Корея мамандарынан кеңес ала алатын кеңсе ашу болып отыр.
Сөзімізді түйіндей келе айтайын дегеніміз, Максим Пак Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін тек саяси және экономикалық бастамалардың өткізгіші болудан ғана емес, сонымен бірге, көптеген әлеуметтік мәселенің шешімін таба білуден де көргенді жөн санайды. Мұның, сөз жоқ, өте орнықты да байыпты әрі нақты шындыққа сәйкестендіре айтылған ойлы пікір екені анық.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы
Суретте: Максим ПАК көптен күткен тұңғыштары дүниеге келген бақытты ерлі-зайыптылармен бірге

Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 13:08
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
Қоғам • Бүгін, 12:52
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Ата заң • Бүгін, 12:40
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Ғылым • Бүгін, 12:32
Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді
Экономика • Бүгін, 12:27
Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 12:08
«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 11:55
Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
Қоғам • Бүгін, 11:34
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Қоғам • Бүгін, 11:11
Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?
Дін • Бүгін, 11:08
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
Қоғам • Бүгін, 10:51