Мыңбұлақ!
Қаламгер Шерхан Мұртаза да өзінің «Ай мен Айша» деген кітабында бала күнінен көріп өскен Мыңбұлақтың қадір-қасиетін ерекше шабытпен суреттейді. Ал Мыңбұлақ туралы тарих не дейді?
Ел мен жердің шежіресі тарихтың тағылымына ұласады. Тарихқа зер салсақ, Мыңбұлақ туралы көне деректі ежелгі қытай жиһангер-сопысы Сюань-Цзяньның 630 жылдар шамасында жазған сапарнамасынан кездестіруге болады. Ол Мыңбұлақ өңірінің жанға жайлы екендігін тамсана жазып, ол жерді жаз мезгілдерінде түркі хандары Түркібасыдан келіп мекендейтінін баяндайды. Сондай-ақ, атақты тарихшы Лев Гумилевтің «Көне түркілер» кітабында «Бұл жерге Ызбарлы хан (Естемес ханның бесінші ұрпағы) 651 жылы атасының жазғы мекені Мыңбұлаққа арнайы қала салдырып, ордасын тікті» деген жолдар бар. Сонымен қатар Мыңбұлақ хақында араб жиһангері Убейдуллаһ Ибн Абдуллах Ибн Хордатбектің де қолжазбаларында жазылған құнды деректер күні бүгінге дейін маңызды болып отыр. «Бұл Мыңбұлақ (Абарджадж) үлкен төбе, оның айналасынан мыңдаған бұлақтар ағып шығады», деп жазады араб жиһангері. Ал 1246 жылы Арыс өзенінің бойындағы Ұлы Жібек жолының сүрлеуімен жүріп өткен римдік Плано Карпинидің де ежелде Мыңбұлақ қаласының болғаны туралы жазғаны бар.
Көне тарихтың жазуынша, бұл жерде үлкен қала болған делінеді. Ал қаланың қазіргі орны Жуалы ауданының Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданымен шектесер жеріндегі Шақпақ темір жол бекетіне оңтүстікке қарай бір шақырым жерде. Зерттеушілердің пайымынша, Арыс өзенінің басы осы төбенің батысынан басталатын бұлақтардан құралады делінеді. Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұса Шоңбаевтың айтуынша, бұл жердің кез келген жерінде бұлақ болған. Әлі күнге дейін тас бұлақтың суындай мөлдіреп шыққан бұлақтар көздің жауын алып, әсіресе жаз мезгілінде белуардан келетін шөп табиғаттың әсем көркін танытып тұрады.
Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Белгілі журналист Батырбек Мырзабековтың шығармалар жинағының тұсауы кесілді
Қоғам • Бүгін, 00:55
Махамбет университетінде жаңа спорт сарайы ашылды
Спорт • Бүгін, 00:40
Инновациялық технологиялар паркінде ұлттық кремний кластері дамиды
Технология • Бүгін, 00:05
Өсу баспалдақтары: 13 жылдық жүйелі серпін
Бизнес • Бүгін, 00:02
Жетісуда коалиция өкілдері кәсіпорын ұжымымен кездесті
Референдум • Кеше
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бірнеше жолы жабылды
Ауа райы • Кеше
«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік қолға өтті
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысында жас мұғалім өлі күйінде табылды
Оқиға • Кеше
«Родина» ЖШС ұжымы республикалық референдум өткізуді қолдады
Референдум • Кеше