Біз мінген тікұшақ Алатаудан асқанда, Тәңіртау сілемдері көк аспанның тіреуіндей болып көрінген еді. Енді аппақ болып табан астында қалып барады. Құдды Хантәңірінің інілері секілді тізіліп жатыр. Тікұшақ бес мың метр биіктікке көтерілгенде, Хантәңірі қасқайып тура алдымыздан көрінді. Тым тәкаппар. Қуанғанымнан қасымда отырған ағамның қолын қыса бердім. Енді ше, дәл осы сапарда Хантәңірі маған және тікұшақтағы алты адамға да көрініп, бәрімізді бақыт құшағына бір сәт болса да бөлесе екен деген ниетіме жеттім ғой. Тікұшақ 5500 метрде қалықтағанда шайқала бастады. Біртіндеп қоюлана бастаған бұлт әсерінен одан биікке көтерілу қауіпті екендігін ұшқыш хабардар еткенде «Бәрекелді, ең бастысы Хантәңірін қол созым жерден көрдік қой!», деп қанағат тұттық.
Теңіз деңгейінен 6995 метр биіктікте тұрған Хантәңірінің бір сыры кез келген уақытта адамдардың барлығына бірдей көріне бермейді. Етегіндегі Қайнар ауылына жазғытұрым күн бесінге таяғанда барсаңыз, аппақ қар құрсанған шың қырлана көз алдыңызда тұрып бір сәт бақыт құшағына бөлейтін кезі болады. Бұл ниетіңіздің түзулігін білдіреді. Әлемдегі биік шыңдардың санатынан саналатындықтан бір жылдары шетелден арнайы келіп, апталап жатып, бір көре алмай кеткен туристер де болған. Мұз құрсанып, тұманданып жатып алды. Қолдан келер қайран жоқ. Тағы бір айта кетер жайт – кеңестік заманда Райымбек ауданы Қарқара жайлауында туристердің арнаулы тұрағы болған. Кәсіби білікті мамандар туристерді бастап, тікұшақпен Қырғызстан арқылы Хантәңіріне апарып, көрсетіп қайтатын. Сөйтіп, тау туризмі дамыған еді. Бүгінде үзіліп қалған сол дәстүрлі жалғастырып, туризмнің темірқазығына айналатын орталықтың бірі – Хантәңірі. Назар аударса, ол ойдың орындалары хақ.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан»
Алматы облысы,
Райымбек ауданы

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
Саясат • Бүгін, 11:37
ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды
Ата заң • Бүгін, 11:35
76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады
Медицина • Бүгін, 11:23
Референдумға 24 күн қалды: Астанада кері санақ таблолары орнатылды
Референдум • Бүгін, 11:20
Балқаш қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Аллергиясы бар адамдар оразаны қалай ұстайды?
Дін • Бүгін, 10:55
Ақтөбелік жастар Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 10:50
Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі
Қоғам • Бүгін, 10:42
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 10:35
Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 10:23
Гидротехниктер жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Қоғам • Бүгін, 10:10
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды
Қоғам • Бүгін, 10:03
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:51