Фото: adyrna.kz
Бұдан бөлек лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілген.
Нақты айтқанда кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға: әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылған.
«Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деп ескерту жарияланды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жазалар қолданылды. Қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан, дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидатын көрсетеді. Заңға сәйкес барлық мән-жайға түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға тергеу нәтижелері бойынша беріледі», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қазір жарақат алған сарбаз Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпиталінде оңалту курсынан өтіп жатыр.